Жолдың жабылу себебі – жаңбырдың салдарынан көктайғақ, кей жерлерде күшті жел, боран.
БҚО-да қолайсыз ауа райы салдарынан 7 жол учаскесі жабылды
Фото: kazaknews.kz
790
оқылды

Батыс Қазақстан облысы аумағында ауа райының нашарлауына байланысты 7 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, соның алтауы – республикалық, біреуі – облыстық маңызы бар жол.

«Атап айтқанда, республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (195-246 шақырым, РФ шекарасы – Орал қаласы, МАИ бекеті), Самара-Шымкент (266-392 шақырым, Подстепный – Жымпиты), Самара-Шымкент (392-526 шақырым, Жымпиты – Ақтөбе облысының шекарасы), Чапаев-Жалпақтал-Казталов (0-201 шақырым, Чапаев – Казталов), Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы (0-158 шақырым, Казталов – Жәнібек), Атырау-Орал (189-492 шақырым, Атырау облысы шекарасы – Орал қаласы) және облыстық Чапаев-Жаңақала-Сайқын (0-130 шақырым, Чапаев – Жаңақала) жолы жабық.

Жолдың жабылу себебі – жаңбырдың салдарынан көктайғақ, кей жерлерде күшті жел, боран», – деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде Орал қаласында жаңбыр жауып, көктайғақ болып тұр.