Ант қабылдау рәсімі бүгінгі Үкімет отырысы кезінде өтті.
Жаңа министрлер ант қабылдады
714
оқылды

Үкіметтің бүгінгі отырысында жаңа министрлер ант қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Қаржы министрі Мәди Тәкиев, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет қатарына қосылды. 

– Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін! – деді жаңа министрлер.