Актердің айтуынша, әкесінен әлі күнге дейін хабар жоқ.
"Хат жазып кеткен". Танымал актер әкесі 17 жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткенін айтты
Фото: IMGaram: UGC
18,104
оқылды

"Нысана" театрының актері Жарас Ахметов Nurly zhan YouTube арнасына берген сұхбатында 17 жыл бұрын әкесі із-түзсіз жоғалып кеткенін айтты,  –  деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Актердің айтуынша, әкесінен әлі күнге дейін хабар жоқ.

"2007 жылы не болғанымызды түсінбеймін. Әкем із-түзсіз жоғалып кетті. Қарындасымның үйіне барып, "барлығыңа ризамын" деп кішкентай қағазға жазып кеткен. Бұл әңгімені ешкімге айтпай жүргенмін, жанашырларым ғана біледі, осы уақытқа дейін жариялап шығарған жоқпын. 1 жарым жыл іздедім. Бүкіл Алматы, бүкіл Қазақстан бойынша қандай сыбыс шығады (бәрін іздедім - еск.). 4 ай бичтермен жүрдім. Соларға шайын алып беремін, "мына кісіні танисыңдар ма?" деп көлігіме салып аламын. Жоқ. Тірі болатын болса, кешіреміз. Әкенің орны бөлек. Қанша жоқ болып кетсе де. Көріп отырса, ұялатын болса, кешіруге дайынбыз. Қаншама ағайынымыз күтіп отыр?! Мені такси жүргізушісі болып жүріп оқытқан. Үйде бір бала, бір қызбыз. Сағыныш бар. Әкені сыйлау керек", – дейді ол.