Оқиға бүгін болған.
«Басына оқ тиген»: Щучинск қаласында кадет корпусының курсанты қаза тапты
Фото: Қорғаныс министрлігінің сайтынан алынды
1,237
оқылды

Щучинск қаласында Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусында оқитын курсант басына тиген оқтан көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Отбасы мен туған-туыстарын қайғыдан қан жұтқызған ауыр өлім тұтас елдің де қабырғасын қайыстырып кетті. Алдын  ала түскен мәліметтер бойына 22 жасқа жаңа  келген курсант басына тиген оқтан қаза тапқан. Жас жігіттің неліктен өзін-өзі атқанын және қару-жарақтың қайдан келгенін құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Жұрт  әскердегі әлімжетік, сарбаздардың өзіне қол жұмсауы жиілеп кеткенін сынға алды. 

Тұрғындар әлеуметтік желіде «Онда сұмдық әлімжетік жасайды. Ең күштілері ғана аман қалады. Бұл қашанға дейін созылмақ?», «Мұның себебі біздің  министрлер әскерде болмаған. Олар қайдан білсін», «Осыдан кейін аналар балаларын әскерге жіберуге қорқады», – деп жазды. 

Әзірге құзырлы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары ешқандай ресми пікір білдірген жоқ. 

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін 2014 жылы 19  жастағы кадет курсанты Әсет Тоқаев өз белбеуіне асылып өлген еді. Қайғылы оқиға тағы қайталанды. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы