Мамандар көл бетіне қалқып шыққан мәйітті дрон көмегімен анықтаған.
Жамбыл облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен балықшының мәйіті табылды
Фото: gov.kz
884
оқылды

Жамбыл облысында бір ай бұрын балық аулауға шығып жоғалып кеткен екі балықшының бірінің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше қызмет мамандары көл бетіне қалқып шыққан мәйітті дрон көмегімен анықтаған. Осылайша, құтқарушылар оны қалың қамыс арасынан алып шықты. Ал екінші балықшыны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қаңтар айында Жуалы ауданындағы Қарабастау ауылының тұрғындары Билікөл көліне балық аулауға шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Арнайы техника мен сүңгуірлер тартылған іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

– Осы бір адам табылған аймақтан және тағы басқа учаскелерде іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда ауа температурасының күрт өзгеруіне байланысты кейбір кездерде іздестіру жұмыстары тоқтатылып жатыр. Себебі жел, жауын-шашын болып, жұмыстар тоқтатылып, кейде үзіліп қалып жатыр, – деді Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары Руслан Орынбеков.