Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусындағы курсанттың өлімі бойынша оқу орны басшылығы әлімжеттік фактісін жоққа шығарды, - деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Оқу орны Щучинск қаласындағы курсант өлімі туралы тың дерек жариялады
825
оқылды

Қайғылы оқиға  жөнінде тың деректер пайда болды. Оқу орны әлімжеттік болу мүмкіндігін түбегейлі түрде жоққа шығарып отыр. Кадет корпусы басшылығының айтуынша, қайтыс болған жігіт 17 жастағы курсанттардан жасы әлдеқайда үлкен. 

Оқу орнының мәліметінше, қайтыс болған курсант кадет корпусына былтыр университеттен кейін келген. Оқытушылар оған оң баға берген. Қызға таластан өзін-өзі өлтіру мүмкіндігін де жоққа шығарды. Өйткені қайтыс болған курсанттың қызы болмаған әрі бірінші курс курсанттарымен арада кикілжің де болмаған. 

Оқиға жөнінде пікір білдірген Қорғаныс министрлігі оқиғаның себептері анықталып жатқанын жеткізді. 

- Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді.  Қорғаныс министрілігінің басшылығы мен әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады, - делінген министрлік хабарламасында. 

Қазіргі уақытта оқу орнында  комиссия жұмыс істеп жатыр. Тергеуден кейін белгілі болады.

Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға кеше Щучинск қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы кадет корпусында болды. Басына оқ тиген курсант қаза тапты.  

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы