Келісімге 2023 жылғы 8 маусымда Сочиде қол қойылған.
ЕАЭО мүше елдері ғалымдарының дәрежесі растаусыз танылады
891
оқылды

Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Аталған келісімге 2023 жылғы 8 маусымда Сочиде қол қойылған. Құжат Одаққа мүше мемлекеттер азаматтарының ғылыми дәрежелерін олардың аумағындағы еңбек көші-қоны шеңберінде тануды көздейді.

Құжатта мыналар қарастырылған:

  • ЕАЭО-ға мүше елдердің аумағында еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда ғылыми дәрежелерді (философия докторы (PhD), бейіні бойынша докторы, ғылым кандидаты және ғылым докторы) растаусыз тану;
  • ЕАЭО-ға мүше елдердің азаматтары жұмыс істейтін мемлекетте белгіленген академиялық дәрежесі бойынша үстемеақы алуға өтініш берген жағдайда ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды танудың ұлттық рәсімдері қолданылады;
  • ғылыми дәрежелер туралы құжаттардың түпнұсқалығын тексерудің объективті тетіктерін құру және қатысушы елдер арасында ақпарат алмасу;
  • түпнұсқалықты тексеру үшін мүдделі ұйымдар басқа мүше мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салуға құқылы.

Бүгінде ЕАЭО-ға мүше елдер осы Келісімді ратификациялау бойынша ішкі рәсімдерді жүргізіп жатыр.