«ҚазАвтоЖол» жолаушыларға алыс сапарға шықпау керегін ескертті.
Боран соғып, 13 облыста жол жабылды
Фото: gov.kz
3,350
оқылды

Бүгін сағат 22:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Абай облысында – 7 учаске (825 км)

Ақтөбе облысында – 2 учаске (405 км)

Алматы облысында – 1 учаске (84 км)

Шығыс Қазақстан облысында – 7 учаске (511 км)

Жамбыл облысында – 1 учаске (450 км)

Жетісу облысында – 1 учаске (100 км)

Қарағанды облысында – 1 учаске (48 км)

Қостанай облысында – 1 учаске (83 км)

Қызылорда облысында – 1 учаске (815 км)

Павлодар облысында – 2 учаске (423 км)

Солтүстік Қазақстан облысында – 3 учаске (316 км)

Түркістан облысында – 2 учаске (283 км)

Ұлытау облысында – 2 учаске (438 км)

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 332 бірлік техника және 412 жұмысшы жұмылдырылды.

Шектеу енгізілген учаскелер туралы ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады: https://kz.qaj.kz/s/