Күдікті супермаркет ауласында әкімгерді бағып тұрып, ұрып-соғып, кілтін тартып алған.
БҚО-да дүкен қызметкерін ұрып-соғып, 6 миллион  теңгені ұрлап кеткен жігіт ұсталды
533
оқылды

БҚО Ақсай қаласында супермаркет қызметкерін ұрып-соғып, 6 млн теңгені ұрлап кеткен жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жедел іздестіру  шаралары барысында Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қаланың 25 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

«Аталмыш күдікті супермаркет ауласында әкімгерді бағып тұрып, ұрып-соғып, кілтін тартып алған. Содан кейін дабыл сигнализациясын өшіріп, супермаркетке кіреді. Сол жерден 6 миллион теңгеге жуық апталық табыс түсімін жымқырып кетеді. Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды»,  – деп хабарлады ведомстводан.