Растау құжатын редакция жариялады.
Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенттігіне ұсынылды
743
оқылды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті лауазымына ұсынылды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

 

Растау құжатын редакция жариялады.

Құжаттан 14 ақпанда Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткенін аңғаруға болады. Іс-шара барысында президенттікке кандидаттарды ұсыну нысандары қаралды.

«Федерациялар ҰОК президенті лауазымына Геннадий Геннадиевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды», –  делінген комитеттің ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.

Өтінімдер олимпиадалық спорт түрлері бойынша федерациялардан 11 ақпанға дейін қабылданды. Қазір ҰОК президеттігіне бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, ҰОК жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті Данияр Әбілғазин, боксшы, Спорт және денешынықтыру істері комитетінің бұрынғы басшысы Серік Сәпиев, Спорт және денешынықтыру істері комитетінің басшысы Ербол Мырзабосынов үміткер.

Олар сондай-ақ дауыс беру арқылы жаңа президенттің атын және атқару комитетінің жаңа құрамын анықтайды.