Алаяқтықпен айналысқан БҚО-ның үш тұрғыны ұсталды.
Абай облысының тұрғыны жалған полицейге сеніп қомақты қаржысынан айырылды
738
оқылды

Абай облысында тәртіп сақшылары жалған полицейлерді ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олар ер адамды алдап, оның жеке деректерін иемденіп, артынша оның шотынан 925 мың теңгені шешіп алған.

– Жарма ауданының тұрғынын белгісіз адамдар тоқтатып, олар тәртіп сақшылары болып танысып, одан жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынуын сұраған. Жәбірленушінің құжаттары мен биометриялық деректерін суретке түсіргеннен кейін күдіктілер кетіп қалған, – делінген ведомство ақпаратында.

Ер адамның шотынан ақша алынғаннан кейін ол жалған полицейлерге тап болғанын түсініп, “102” арнасына жүгінді.

Абай облысы Жарма ауданының жедел уәкілдері күдіктілердің ізіне жылдам түсіп, оларды ұстады. Белгілі болғандай, алаяқтықпен БҚО-ның үш тұрғыны айналысқан. Қазір жастар қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде. Олардың ұқсас қылмыстарға қатысуы анықталып жатыр.