Террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.
Атырау облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен жасөспірім ұсталды
853
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен Атырау облысының 17 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«Тінту кезінде одан тергеуге қызығушылық білдіретін материалдар алынды. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – делінген ҰҚК хабарламасында.

2023 жылы аталған азамат осыған ұқсас қылмысы үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілген.

«Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырған», – деді ведомство өкілдері.

Террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.