Вице-министр заң жобасы ғылым саласын дамытуға бағытталғанын айтты.
Ғылым және технологиялық саясат туралы заң жобасы таныстырылды
Фото: 2gis.kz
671
оқылды

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Зәки Мәжілістің қоғамдық палатасының көшпелі отырысында ғылым және технологиялық саясат туралы заң жобасын таныстырды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Вице-министрдің айтуынша, Ғылым академиясының қызметін кеңейту қарастырылған.

«Бағдарламаларын қаржыландыру, конкурстарға ғылыми-техникалық тапсырмаларға үлес қосу. Ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын технологиялық әзірлікті бағалаудың жаңа тетіктерін енгізу. ЭЫДҰ елдерінде қолданылатын технологиялық дайындықты ескеретін тетік. Ғылым қорының қызметтерін күшейту, оның ішінде бизнес акселерация мен венчурлық қаржыландыруды қалыптастыру тетіктері бар», - деді Дархан Ахмед-Зәки.

Вице-министр заң жобасы ғылым саласын дамытуға бағытталғанын айтты.

Өз кезегінде заң жобасын әзірлеудің жұмыс тобының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков Парламентке кірген заң жобасының жұмыс тобында 16 депутат еңбек еткенін айтты.

«Ұлттық академия, қоғамдық кеңес, ЖОО мүшелері де кірді. Жұмыс тобында барлығы 59 адам болды. Бүгінгі таңда жұмыс тобының 3 отырысы өтті. 100-ден астам норма қаралды. Ұлттық академияның мәртебесі, жас ғалымдарға берілетін әлеуметтік қолдау, ғылыми дәрежеге қаржыландыру көзі қарастырылса, ғылыми атаққа тиісті қаржыландыру көзделген. Бұл Президенттің Жолдауында айтқан тапсырмаларын орындауға бағытталған», - деді Серіков.