Алматылық тұрғын Мағжанның сегіз жыл отасқан жары Оралай бір күнде бес баласын тастап жас жігітпен қол ұстасып кетіп қалған.
"Бес баласын тастап күйеуге шығып кеткен": Алматылық келіншектің экс-күйеуі бес баланың әкесі кім екенін білмей дал болды
3,621
оқылды

Алматылық тұрғын Мағжанның сегіз жыл отасқан жары Оралай бір күнде бес баласын тастап жас жігітпен қол ұстасып кетіп қалған. Ол ақтаулық әулетке жас келін боп түсіп, тіпті беташар тойы да жасалған екен. Түскен жері әйелдің бес баласы бар екенінен хабарсыз болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Келіншектің өзі мұндай қадамға баруына махаббат себеп болғанын айтады. 

“Бұрынғы жұбайыммен бұған дейін де бірнеше рет ажырасқым келді. Екінші баладан кейін ауылға кетіп, ағамның қолында алты ай отырдым. Мағжан өзі келіп алып кетті. Ата-анам, туыстарым “шыда” деп қоса беретін. “5 баламен қайда барасың” дейтін. Маған махаббат жетіспеген шығар, басым айналып қалды. Ол кісі Ақтауға кетейік деп ұсыныс айтты. Бәрін білді, бес балаңмен қабылдаймын деді. Бірақ бұрын отбасын құрмаған жігіт еді, сол себепті беташар жасап, әулетке таныстырғысы келді”, – дейді көпбалалы ана. 

Бірақ келіншектің сөзінше, ол екі ай бұрын ғана тұрмысқа шыққан күйеуі Жараспен отбасы болып кете алмағанын, қазір бірге емес екен. 

Ал оның сегіз жыл отасқан күйеуі бауырындағы бес баланың кімнен екенін білмей дал болып отыр. Сол себепті бес баладан да ДНҚ сынамасын алғысы келетінін айтты. 

“Бұған дейін де үлкен баламды тастап Ерғали есімді көршіме күйеуге шығып кеткен. Ата-анасы құда түсіп, бұл жақ келісіп, бәрі дастархандас болған. Басында қазіргі күйеуінің намысы тапталмасын деп бұл туралы айтқым келмеді. 5 баланы бөлмей-ақ қояйын деп ойладым. Өзі айтып қойды. Баланы мен алып қап бақтым. Енді содан кейін үшінші бала менің қызым емес пе деп күдіктенем”, – дейді Мағжан. 

Оралайдың экс-күйеуінің айтуынша, ол сол кезде балаларды қимай қайтып келген келіншегін қабылдаған. Оралайдың өзі бес баласы бірдей емес, ортаншы қызының кімнен екенін білмейтінін айтты.

“Ол Мағжаннан болмай шықса, Ерғалиден деген сөз. Бірақ көршімнен сынама алуға қарсымын, себебі оның қазір отбасы бар”, – деді ол. 

Бағдарлама соңында ДНҚ нәтижесі жарияланды. Ол бойынша көршісіне күйеуге шықпай тұрғанда туған бір ұл мен қайтып келгеннен кейін өмірге келген қыз Мағжаннан болмай шықты. 

Бағдарламадан кейін экс-ерлі-зайыпты медиация келісіміне қол қойды. Мағжан бес баланы бұрынғы келіншегіне қалдырып, өзінен туған үш балаға алимент төлейтін боп келісті. Ол ай сайын жалақысының 50 пайызын беріп тұруға, ал келіншек балаларды әкесіне кез келген уақытта көрсетіп тұруға міндеттелді.