Өкінішке қарай, қыз баланы аман алып қалу мүмкін болмады.
Ақмола облысында 2 жасар қызды абайсызда өз әкесі көлікпен басып кетті
Фото: freepik.com
1,134
оқылды

Ақмола облысында екі жасар кішкентай қыз балабақша маңында мерт болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Ата-анасы әдеттегідей таңертең «Шаңырақ» балабақшасына екі жастағы қызын алып келген. Анасы қызымен балабақшаға шығып кеткенде әкесі көлікті аздап кейін жылжытып қоймақ болады. Бірақ әлі өтіп үлгермеген балақай көлік дөңгелегінің астында қалады.

Қазіргі уақытта оқиғаның қалай болғанын куәгерлер талқылап жатыр. Өкінішке қарай, қыз баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Балақай жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Өкініштісі, әкесі аңдаусызда туған қызының өліміне себепкер болды. Полиция оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр.