Танымал әнші Ерке Есмахан осыдан біраз уақыт бұрын киілген киімдерін сатылымға шығарды.
Ақша санауды қатырасыздар, иә? Ерке Есмахан ескі киімдерін сатып, қанша табыс тапқанын айтты
9,814
оқылды

Өнер иесі гардеробын босатып, қанша табыс тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әншіден оқырмандары: "Киімдеріңізді сатып, қанша ақша таптыңыз?" деп сұраған. 

Ерке Есмахан оқырманына жауап беріп, тапқан табысын жасырмай жариялады.

"Ақша санауды қатырасыздар, иә? Сол киімдердің барлығы сатылып кетті. Алған жандар игілігіне кисін. 7-8 млн теңге шамасында табыс таптым", - деп жазды өнер иесі.

Айта кетерлігі, сатылған киім-кешектердің ішінде су жаңа көйлектер де бар.