Алаштың алғашқы астанасы болған ежелгі Ақмешіт қаласының аумағы тарихи құнды жәдігерлерге толы. Соның ішінде Сыр бойы мен қарт Қаратаудың алқабында ор­наласқан Жаңақорған ауда­нының тау-тасы мен сай-саласы – тұнып тұрған шежіре.
Көккесене құпиясы
1,238
оқылды

Ежелден тарихи құнды­лық­тарға бай Жаңақорған ауданы қасиет қонған құтты мекен са­на­лады. Аудан аумағында тарих қой­науынан сыр тартатын Сыға­нақ, Сауран, Өзгент, Аққорған, Ордакент сияқты көне қалалар мен қамалдар орны, Қорасан ата, Қарасопы, Қылышты ата – Төле­гетай сағаналары мен Ақтас, Су­на­қата секілді құнды  ескерткіштер сақтаулы.  Соның ішінде өңірдегі құм арасына жасырынған ежелгі Көккесене сағанасының орны өзгеше.

Көккесене – Сыр өңіріндегі орта ғасырдан жеткен көне ар­хи­тектуралық ескерткіш. Ол бір кез­дері Жаңақорған ауданы ау­­­мағындағы Төменарық темір­­жол торабынан солтүстікке қарай 5, ежелгі Сығанақтан 8 шақырым қашықтықта, қазіргі Қожамберді ауылының аумағында орналасқан сәулетті күмбез саналған. Нысан күйдірілген қыштан биік мұна­ралы етіп тұрғызылған екен. 

Ел арасында бұл күмбезді ке­­­се­не жайында желдей ескен аңыз-әпсаналар аз емес. Соның бірі – бұл ежелгі кесенені Алпамыс ба­тыр­дың ғашығы Гүлбаршын сұ­лудың есімімен тығыз байланыс­тырады. Яғни, кейбір тарихи де­ректерге сәйкес бұл Гүлбар­­шын­­ның мәңгілік мекені екені айты­лады. Көккесене жайында Бейім­­­­бет Майлиннің келешек ұрпағына қалдырған тұщымды еңбектерінен де көптеген мәлімет табуға бо­лады. 

Ғасырлардан жалғасқан құн­­­­ды кесене бертін келе күтімсіз қалып, жауын-шашынның, аңы­­зақ желдің салдарынан қабыр­­­­ғалары мүжіліп, құм қойнауына сіңіп кеткен. Талай құпияны да қара жер қойнауына сіңірген күмбезді нысан жайында әлі күн­ге нақты деректер аз.

«Көккесене жайлы мәлімет­­­­терге сүйенетін болсақ, ауыз тол­­­тырып айтарлықтай деректер көп емес. Ресей империясы кезінде жүр­гізілген зерттеу жазбаларынан аз-кем ақпар табуға болады. Ол за­­­­манда кесене қирамаған, бүтін бола­­­­­­тын. Тарихшылардың арнайы зерттеуінен байқағанымыз, оны бір порталды ғимарат деп көрсе­теді. Кесененің күмбезі мен қа­­бырғасында арабша жазу жазыл­ған деген де ақпар бар. Бірақ сол кездегі зерттеушілердің еңбек­те­рінде бұл жазулар жайында еш­теңе айтылмайды. Осы орайда, ай­та кеткен абзал, бұған дейін тө­бе болып жататын кесененің орнын осыдан бірнеше жыл бұрын археолог ашып, зерттеу жүргізді. Соның нәтижесінде ғи­мараттың екі бөлмеден тұра­­­­тыны нақты белгілі болды. Оның ал­ғаш­­қысы зияратхана болса, екін­­шісі сағанаға арналған бөлме деп топшыланды. Бір қызығы, саға­надан бірнеше адамның сүйегі табылған. Бұл Көккесенеде жал­ғыз адамның мүрдесі жерленбе­­генін айқын көрсетіп берді», – дейді жергілікті тарихшы Әлімжан Ержанов.

Ел аузында бұл кесене Әбіл­хайыр ханға арнап тұрғызылған деген де дерек бар. Осы жайында тарихшы, профессор Бүркітбай Аяғанның еңбектерінен көруге бо­лады Сол  кітапта арнайы де­ректер де келтірілген дегенді алға тартады тарихшы.

Ел ішінде бұл кесенеге Ал­памыс батырдың жары Гүлбар­­шын жерленді деген ақ­­­паратқа да түрлі дәлел келтіріледі. Кейбір зерт­­­­­­­­теу­­­­шілердің мәлі­­метіне сәй­­­­­кес, сол аумақта ертеде Бар­­­шын­­­­­кент деген қалашық бол­ғаны ай­­­­­тылады. Соған орай Көккесене Гүлбаршын сұ­­­лудың басына са­­­­­­лынған кесене деген пі­кір туын­­дайды. Алайда әлі күнге дейін бұл екі нұсқа да нақты дә­лелін тапқан жоқ. Кім жерлен­генін дөп басып айту қиын. Сон­­­дықтан тарихшы күмбезді кесене әлі зерттеу жұ­­мыс­тарына сұранып тұр деген пікі­­­­­рімен бөлісті.

«Ортағасырлық сәулет өне­­­­рі­нің әсем үлгісін көрсеткен күм­­­­безді кесене 30-шы жылдары бұ­зылып, жермен жексен болды. Өкі­ніштісі сол, кесененің қи­­­ра­уы­­на жергілікті жұртшылық ық­пал жасады. Сол заманның қиын кезеңі де өз салқынын тигізген бо­лар. Әйтеуір адамдар қараусыз қалған кесененің кірпіштерін қолдан бұзып, ақыры тарихи ны­­сан қирандыға айналды. Уақыт өте құм арасына сіңіп, төбешік болып қалды. Жалпы, оның Көк­­кесене атауы сырт келбетіне бай­­ланысты қойылған болуы керек. Көк түске боялған қыш кір­піштен қаланған кесене алыс­тан менмұн­­далап көзге түсетін болған. Сол сияқты  ел ішінде ке­­­­сененің қа­раң­­­ғыда жарық шаша­тын ерек­шелігі болғаны да айтылып жүр. Мұны қыштың көк бояуы ай нұрымен шағылысқанда айна­­­ласына сәуле шашып  тұрған­­дығымен байланыстыруға бола­ды. Ал өздігінен сәуле ша­шып тұр деген тәмсіл шындыққа жанаса бер­мейді», – деп ойын білдірді тарихшы.

Соңғы кездері бірқатар зерт­­теу жұмыстары жүрілгенімен кесененің ақиқаты түбегейлі ашыл­­­ған емес. Құм қойнауына жасырынған киелі орын  жайында жергілікті тарихшы осылай деп ойын түйіндеді.

Қалай десек те, бір кездері адам қолымен бұзылып кеткен Көк­кесене әлі де талай құпияны құм арасына жасырып жатқаны ақиқат. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, 

Қызылорда облысы