Ғылымды дамытуды жаңа дең­гейге шығару қа­­жет. Өйт­кені осы­ған дейін елімізде ғылымды бас­қару ісі нақтылы жол­­­­­­ға қо­йыл­ма­ған.
Ғылымда жастар неге аз?
1,110
оқылды

Бүгінде отан­дық ғылымда жас ғалым­дардың саны көп емес. Дамуға серпін беретін әлеуетті ғы­лы­ми ин­сти­туттар да өте аз. Отан­дық ғы­­­лым­­ды дамыту мә­се­­­лесін ба­­қылауына алған Пре­зидент са­­­ладағы күрмеуі тарқа­­тылмаған мәселелерді ше­­шудің тың меха­низмін қарау ке­­ректігін айтқан бо­латын.

Былтыр Пре­зи­дент жа­нын­дағы Ғылым және тех­но­логиялар жө­ніндегі Ұлттық ке­­ңес­­тің алғашқы оты­рысында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ғылыми-техни­калық саясатының алдағы басым­дықтарын айқын­­дады. Осы басқосуда Мемлекет басшысы қай заманда да дамудың басты кілті ғылым екенін атап өткен.

– Адамзат тарихындағы же­­тістіктің барлығы – білімнің же­місі. Әсіресе, қа­зіргі озық техно­ло­гия дәуірінде ғы­лым­сыз алға ба­су мүмкін емес. Сондықтан мен ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беріп отырмын. Ғылымды дамыту – мемлекет саясатын­да­ғы ең маңызды бағыттың бірі. Өкі­­ніш­ке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы оған бас­а назар ауда­рылған жоқ. Соған бай­ланысты шешімін таппай жатқан мә­се­лелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деу­ге болады. Біз өркениетті ел боламыз де­сек, осы олқылықтың орнын толты­руы­мыз керек, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Әрине, олқылықтың орнын толтыру ең алдымен ғылыми әлеует­тің мүмкіндігін айқын­­­дау­дан басталатыны шындық. Расы­мен де, еліміздегі ғылыми әлеует пен ғылым саласы қожыра­­ған. Тіпті, кезінде елімізде өзінің ғы­­лыми дәлелдемелері арқылы әлем­­­ді аузына қаратқан зерттеу институттары мен орталықтардың қазіргі жағдайын айтудың өзі қиын. Әрине, бәрі емес. Жасы­­­­ратыны жоқ, мұндағы ғалымдар қазір болмашы ғана гранттардың есебінен күн көріп келеді. Қаржы­ландыруды айтпағанда қазына­ның есебіндегі ғылыми орталық ғимараттарының өзінің қабырға­­лары қақырап, әйнектері шаты­­нап кетуге шақ тұр. Шынын айт­қанда, орталықтағы бірнеше ин­сти­­­­туттың жағдайын шалғайдағы ғылыми мекемемен салыстыруға мүлде келмейді. Шалғайдағы ғы­­­­лыми мекемелердің ғалымдар­дың саны азайып кеткен. Көбі зейнет жасына жеткен. Ал жас­тардың мұндай мекемелерге ба­руы екі­­­­талай екенін ел біледі. Се­­бебі он­­­­­дай мекемелерде ғы­­лым­мен айналысу мүмкін емес. Әлеуметтік жағдай қарасты­­рыл­­майды да. Қазір елімізде шамамен 23 мыңға жуық ғылыми кадр бар. Олардың 36 пайызы 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар үлесінде екен. 

Алайда ғалымдардың жал­пы санын алсақ, бір мил­­лион адамға шаққанда тек 1 172  ға­­­лым бар. Бұл, өз кезегінде, қар­жыландыруға байланысты өзгеруі де ықтимал. Әлемдік тәжі­­­рибеде ғылымды қаржыландыру кем дегенде жалпы ішкі өнімнің 1 пайызы көлемінде болуы керек­тігі айтылады. Мемлекет басшысы ғылым саласына жастарды тарту керектігін, оларды барынша ын­таландыру қажеттігін айтып отыр. Бірақ мұндай механизм біздің елде жоқ. Соның кесірінен, ғы­лым жолындағы жастар өзге са­лаға ауы­сып, кейбірі шетел асып кетіп жатыр. 

Осы бір келеңсіздіктің ке­дергісін ыдырату ісін бү­гінде қайта жасақталып жатқан Қазақ­стан Республикасы Ұлттық ғы­лым академиясы қайырып отыр­­­­ғанға ұқсайды. Академия­ның президенті Ақылбек Кү­­­ріш­­­баев­тың жуырда ҚР Прези­­­денті жа­нын­дағы Ғылым және техно­логиялар жөніндегі ұлттық кеңес мүшеле­рімен және Астана қаласы ЖОО, ҒЗИ басшыларымен бол­­ған кез­десуде біршама өз­­­геріс­­­тердің болатындығын айтты. 

«Біз ең алдымен, ежелден қа­лыптасқан ғылымды басқару жүйе­­сін шайқалтып алудан сақ­тануымыз керек екенін түсінуіміз қажет. Яғни, бұл арада Академия ғылыми мекемелерді бір ведом­­­стводан екіншісіне ауыстырып, тек нұсқау беретін екінші мем­ле­кеттік уәкілетті органға айнал­­мау­ға тиіс. Қазіргі жаңарған Акаде­мияның өзіндік бірегей миссиясы бар, ол ғылымды басқару сала­сында кеткен жүйелі олқылық­­­тардың орнын толтыруды көз­дейді», – деді Ақылбек Күрішбаев.

Оның айтуынша, Акаде­­мия­ның жаңа миссиясы мен негізгі алғышарттар бар. Ол қатарға отан­дық жетекші ғалымдардың күш-жігерін бір арнаға біріктіру, еліміздің ғылыми-техникалық даму бағыттарын барлық мүдделі тараптардың сындарлы талқы­­­­лауына тиісті жағдай жасау және ғылыми потенциалды іс жүзінде олардың нәтижесі айқын сезіне­­тіндей нақты міндеттерді шешуге бағыттау болмақ. Сонымен қатар Академия талантты жастарды тар­та отырып, экономика мен қо­ғамның дамуына елеулі интеллек­­туалдық үлес қосуға қабілетті тәжірибелі ғалымдардың басын қосатын ғылыми орталыққа ай­нал­­дыру көзделіп отыр.

Шынымен де, әлемдік да­муда көш соңын­да қалмаймыз десек, ең алдымен ғы­­лымды дамытуымыз керек. Жа­­­сыра­ты­ны жоқ, қазір ғылыми атағы бар, бір­ақ ілім-білімге мүл­де қатысы жоқ адам­дар көбейіп кетті. Еліміздің ғылым көкжиегі өмір жо­лын ғылымға арнаған, нақты ғы­лыми жетістігі бар адам­дарға шөліркеп отыр. Сол себепті Отан­­дық ғалымдар құрамын жаңар­ту нақты қажеттілік. Сон­дықтан Ғылым ака­де­мия­сы өзде­рінің межелеп отырған басым­дық­тарын берік ұстап салаға жас­тарды көптеп тартуы қажет. 

Бұл мақсатта Ұлттық ғылым ака­демиясы ғалымдардың жаны­­нан жас ғалымдардың басын бір ар­нада тоғыстыратын құзыреті бар орталық құрудың да маңыз­ды­­лығы турасындағы пікір айтыл­ды. 

«Еліміздің жас ғалымдарының басын біріктіретін Жас ғалымдар академиясын құру мәселесі жас­тар тарапынан көтеріліп келеді. Бұл бастаманы академия басшы­лығы толықтай қолдап отыр. Се­бе­бі жастарға да үлкен мүмкін­дік туары сөзсіз. Қазірдің өзінде Ұлт­тық ғылым академиясы еліміздің барлық өңірлерінен 500-ден астам жас ғалымның тізімін жасалды. Енді осы жастарымыз өздерінің ашық дауыс беруі негізінде Жас ғалымдар академиясының Прези­дентін сайлай алады. Содан ке­йін ҚР Ұлттық ғылым академиясы ұстанатын 4 негізгі ғылыми бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі», – дейді Ұлттық ғылым академия­­сы­ның Пәнаралық ғылым орталығы­ның директоры Қуанар Әлиханов.

Ғылыми орта мен ға­лым­дардың әлеуетін көтеру мәселесі кеше Оқу-ағарту ми­­­нистрлігі мен Ғылым және жо­ғары білім министрлігінің бір­лескен алқа отырысында да кө­терілді. 

«Бүгінде ғылым мен бизнестің тығыз интеграциясы, мемлекет, ғылым және жеке капитал ара­сындағы өзара іс-қимылдың тиім­­­­­­­ді моделін құру қажет. Ел Пре­­­зиденті Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық Ғылым ака­демия­­сының алдына негізгі мін­деттер қойып отыр. Ғалымдар мен ЖОО-лардың профессор – оқытушылар құрамының атынан біз Мемлекет басшысы мен Үкі­­­мет қойған міндеттерді шешуге бар күшімізді салаты­нымызға сендіргім келеді», – деп түйіндеді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Сонымен қатар министр Қа­зақстан ғылымы мен ғалымдарын дәріптеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқандығын да айтып өтті. Ғылыми қоғамдастықты ынталандыру үшін ғалымдардың орташа жалақысы 2 есеге артты­­­рылғанын, іргелі зерттеулермен айналысатын ҒЗИ-ді тікелей қаржыландыру енгізілгендігін баяндаған Саясат Нұрбек 2024 жылға жоспарланған міндет­­­темелерді ведомство ЖОО және ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп шешуге кірісіп кеткенін жеткізді. 

Қорыта келе айтпағымыз, еліміздің ғылым көкжиегін көтеру үшін тың бастамалардан бөлек, бар жобаларға басымдық бере оты­рып жастардың әлеуетін бі­ріктіру ауадай қажет. Ғылым сала­сын қаржыландырумен қатар, сала мамандарын ынталандыру қағидасы да қажетті деңгейде жүр­гізілсе, шетел асып кетіп жат­қан жас ғалымдардың елге ора­луына да жол ашылмақ. Отан­дық ғылымның төңірегіне білгір де білікті нағыз маманды тарту да басты талап болуға тиіс.

Бердібек ҚАБАЙ