Астанада есірткі сатумен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Астанада полиция есірткі сатумен айналысқан ерлі-зайыптыларды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Арнайы іс-шараларды өткізу барысында елордалық полиция қызметкерлері есірткі сатуға қатысы бар ерлі-зайыптыларды анықтады. 

"31 жастағы ер адамды жеке тінту барысында күртешенің ішкі қалтасынан бір полиэтилен байламы табылып, тәркіленді. Оның ішінде ақшыл түсті ұнтақ тәрізді консистенциясы бар зат болған. Одан әрі тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде олардан электронды таразылар, ерекше иісі бар ұнтақ консистенциясы бар зат салынған пакет, сатуға дайын 35 оралған пакет табылып, тәркіленді",  – делінген хабарламада.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген “мефедрон” салмағы – 375,3 грамм. 

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.