Ол шай дайындап жүрген келініне шүйлікті.
Тасбақаға жүн шыққанда ма? Жүсіп Ақшора келініне ұрсып тастады
1,184
оқылды

Әлеуметтік желіде отбасылық вайн түсіріп танымал болған Ақшораевтар әулетінің келіні Динара Сайлаубайқызын әртіс қайын атасы жылатып қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Желіде тараған бейнежазбадан Жүсіп Ақшораның келініне ұрсып жатқанын көруге болады.

"Келінім маған пранк жасап еді, енді мен оған пранктің қандай екенін көрсетейін", – деп жазды актер. Ол шай дайындап жүрген келініне шүйлікті.

“Шайың неге қайнамай кетті? Қашан қайнайды, тасбақаға жүн шыққанда ма? Осы, келін, айналайын, блогерлікті қойшы! Ығырымыз шығып кетті. Бір емес, екі емес, күніге сол, адамды шаршатып... Елдің әңгімесі анау, артымыздан неше түрлі сөз айтып жатыр. Өзің “қатырамын, әдемі болады” деп айтып едің, енді бөтен біреулердің әңгімесін естіп жүрміз!", – деп қатты ашуланған кейіп танытады актер.

Атасының әзілін түсінбей қалған келін, көз жасына ерік берді. Кейін Жүсіп Ақшора мұның пранк екенін айтып, келінінің алдында билеп жібереді.

“Жүрегім қатты соғып, жылап жібердім ғой. Атам бұрын бұлай ұрыспаған ғой, әлі жаман болып жүрмін. Атамның маған пранк жасап тұрғанын білсем, мен де ойнатып жіберер едім. "Жауабы" қатты болды, шын сеніп қалдым. Енді мен атама қандай "жауап" қайтарсам екен?! Идея болса айта отырыңыздар", – деп оқырманнан көмек сұрады блогер келін.