Құны 170 миллион теңгеден асатын 58 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Бұл шаруаны Жетісу облысының прокурорлары жүзеге асырды.

Өңірдегі бір ғана Алакөл ауданында құны 90 млн теңге болатын 43 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды, – деп жазады Aikyn.kz.

Қаратал ауданында құны 84 млн теңгеден асатын тағы 15 мың гектар жайылым жерлері бар. Бұл жерлер игерілмеген және ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмаған.

"Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жер мемлекетке қайтарылды. Алдағы уақытта жер учаскелері тиімді пайдалану үшін кезекте тұрған тұлғаларға беріледі", – делінген Жетісу облысының прокуратурасы хабарламасында.