Оның денесінің 50 пайызы күйіп қалған.
Жағдайы қиын: Көкшетауда қазандық жарылып, жасөспірім жарақат алды
777
оқылды

Өткен түнде Көкшетауда қазандықтың жарылуы салдарынан 2010 жылы туған жасөспірім зардап шекті. Ол күйікпен ауруханаға түсті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі жазғандай, 16 ақпанда сағат 23:20-да диспетчердің пультіне оқиға туралы хабарлама келген.

"Ақау салдарынан циркуляциялық сорғысы үзіліп, қазандық қираған. Оқиға салдарынан 2010 жылы туған бала зардап шекті. Ол Көкшетау облыстық балалар ауруханасына 50 пайыз денесінің (бет, аяқ-қол, дене және аяқ) термикалық күйікпен жатқызылды", – делінген деректе.

ТЖД мәліметінше, бала ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде. Өртке қарсы қызмет шақырылған жоқ.