Бұл деректі аймақтық полиция растады.
Қызылордалық оқушы 6 жасар қызды зорлаған
1,045
оқылды

Қазіргі таңда оқушы қамауға алынды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы Айдар Қасановтың сөзіне қарағанда, қылмыстық іс 10 ақпанда қозғалған. 

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық  істің тергеу барысы департамент бастығының қатаң бақылауына алынды. Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», – деді. А.Қасанов.

БАҚ-та тараған деректерге қарағанда, қазіргі кезде жәбір көрген бала ауруханада ем алып жатыр.