11 ақпанда «Атырау – Кутаиси» KC7993 рейсінің жолаушысы «Әуежай-Атырау» кеден бекетінің қызметкерлеріне қол жүгінде 10 мың АҚШ доллары бар екенін хабардар еткен.
Атыраудан кетіп бара жатқан грузиялық азаматтың сөмкесінен 90 мың доллар табылды
5,232
оқылды

Алайда кедендік бақылауды жүргізу кезінде Атырау облысы бойынша Шекара қызметі департаменті шекаралық бақылау бөлімшесінің және Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп Грузия Республикасы азаматының чемоданынан 90 000 АҚШ доллары мөлшерінде кедендік бақылаудан жасырылған ақшалай қаражат табылды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аzh.kz сайтының жазуынша, анықталған 100 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай қаражат "ДХЛ ИНТЕРНЕЙШНЛ Қазақстан" ЖШС УСҚ-ға қабылдау-тапсыру актісімен орналастырылды.

"Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасынан қолма-қол шетел валютасын және (немесе) ақша құралдарын шетел валютасында 10 000 АҚШ долларының баламасынан асатын және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің күні белгіленген бағамы бойынша есептелген сомада әкетуге тыйым салынады.