Бауыр ағзаға түскен токсиндерді сүзеді.
Бауыр майланса, не істеу керек?
Фото: pexels.com
2,299
оқылды

Бауыр майланса, оны қалай тазалау керек? Бауырдың ішектен айырмашылығы – ол сыртқы ортамен тікелей байланыста болмайды. Алайда бұл орган да тазартылуы қажет. Осы орайда бауырды тазарту жолдары туралы clean-clinic.ru жазды.

Бауыр ағзаға түскен токсиндерді сүзеді. Ал бұл ағзаның жүктемесін азайту үшін не істеу керек? Негізі, токсиндер көлемі аз болса, бауыр біртіндеп өзін-өзі тазартады. Оның жүктемесін азайту үшін дұрыс тамақтану керек. Алдымен «химиялық» тағамдардан бас тартқаныңыз жөн. Сонымен қатар мамандар таза ауамен тыныс алу үшін экологиялық таза аймақта тұруға кеңес береді. 

Дене салмағына да көңіл бөлгеніңіз жөн. Артық салмақ болған жағдайда одан арылуға тырысыңыз, зиянды әдеттерден бас тартыңыз. 

Ішекті тазарту

Осы орайда ішектің бауырға қандай қатысы бар деген сұрақ туындауы мүмкін. Шын мәнінде бұл органдар бір-бірімен тығыз байланысты. Біз ішкен ас қанға сіңеді. Бірақ алдымен бауыр арқылы өтеді. Порталдық вена жүйесіне токсин неғұрлым көп түссе, бауыр соғұрлым тез ластанады. Сондықтан ішекті таза ұстау арқылы бауырдың жүктемесін азайтуға болады. Жалпы, ас қорыту жолын таза ұстаудың ең оңай жолы – суды, көкөніс пен жеміс-жидекті көбірек тұтыну. Нәтижесінде, бауырға түсетін токсиндер азаяды, ішек ауруларының да қаупі төмендейді. Ал бауыр майланса, қалай тазарту керек? Оның бірнеше жолы бар.

Түтік (тюбаж)

Түтік – тиімді әдіс. Бірақ қаупі де бар процедура. Оның да бірнеше жолы бар. Адам өт жолдарын босаңсыту үшін өт айдайтын шөптерді, майларды қабылдап, асқазанға жылытқыш төсем (грелка) қояды. Нәтижесінде гепатоцит тазаланады. Бұл процедура жылдам нәтиже береді, бірақ денсаулыққа белгілі бір қауіп төндіруі мүмкін. Әсіресе, қуығында немесе өт жолдарында тас бар адамдарға. Түтікше әсерінен тастар қозғалып, жалпы өт жолын бітеп тастайды. Салдарынан өт қабын хирургиялық жолмен алып тастауға тура келуі мүмкін.

Диеталық қоспалар мен дәрі-дәрмектер 

Бауыр қызметін қолдайтын, тазартатын және жақсартатын көптеген диеталық қоспа мен дәрі-дәрмектер бар. Олардың көпшілігі пайдалы. Мәселе мынада, әсері болу үшін бұл препараттарды өте ұзақ уақыт бойы қабылдау керек. Мысалы, оң нәтижеге жету үшін кем дегенде 6 ай. Максималды әсер ету уақыты – емдеу басталғаннан кейін 2 жылға дейін. Демек, бұл бауырды тазартудың негізгі әдісінен гөрі қосымша әдісі деуге болады. 

Тамшылатқыш (капельница) 

Бұл – бауырды тазартудың ең жылдам және тиімді жолы. Қажетті заттар веноздық қанға енгізіледі, содан кейін тікелей бауырға өтеді. Олар органды тазартады, емдейді, гепатоциттердің қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етеді. Өт қызметін жақсартады. Бірнеше күн ішінде оң нәтижеге қол жеткізуге болады.