Кеше кешкі сағат 17:37-де Абай облысы ТЖД 101 пультіне Семей қаласы Павлов көшесіндегі балабақшада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Келгеннен кейін балабақшаның 2 қабаты ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өрт орнында жеке құрамның 37 адамы, 9 бірлік техника жұмыс істеді.