Әлемде әрбір төртінші қыз жұмыссыз
Әлемде әрбір төртінші қыз жұмыссыз
Фото: Автордан
5,228
оқылды
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркі  UniSat наноспутниктерін әзірлеу бойынша қыздарға арналған білім беру жобасын іске қосты.   [caption id="attachment_26294" align="alignnone" width="1280"]ЮНИСЕФ, Вероника Ващенко, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Фото: Автордан[/caption] UniSat жобасының мақсаты – наноспутниктерді әзірлеу бойынша қыздардың білімі мен дағдылаларын дамыту, сондай-ақ командада жұмыс істеу, көпшілік алдында сөйлеу, тайм-менеджмент және креативтілік  дағдыларын жақсарту.
– ЮНИСЕФ үшін инновация, жас адамдардың дағдыларын дамыту мен гендерлік теңдікті ілгерілету аса маңызды. Осы жылы бүкіл әлем Пекин Декларациясы мен қыздар мен әйелдердің құқығын арттыру  және ілгерілету бойынша әрекет ету платформасы қабылданғанына  25 жыл болды. Қол жеткізген белгілі бір прогреске қарамастан, әлемде 15-19 жас аралығындағы әрбір төртінші қыз жұмысқа орналаспаған және білім алу процесіне қатыспайды. Біз осы тұста негізгі ғаламдық  проблемаларды шешу үшін инновациялық мүмкіндіктерді қолдануды көздеп отырмыз. Сондықтан қыздардың наноспутниктер бойынша бағдарламаға қатысуы  қыздар мен әйелдердің жаңа дәуірге  жасайтын үлкен қадамы болмақ. Біз UniSAT бағдарламасының нәтижелері қоғамда едәуір өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік ашатынына сенеміз», – деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Вероника Ващенко. 
UniSat жобасы аясында Қазақстанның әр аймағынан келген 14 пен 35 жас аралығындағы 20 қыз бес ай бойы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми-технологиялық паркінде наноспутниктерді құру бойынша  курстардан өтетін болады.  Оқу курсы жобалау, дизайн, бағдарламалау, құрастыру, тестілеу және іске қосу сияқты кез келген ғарыш аппаратын құрудың маңызды кезеңдерін қамтиды. Жоба соңында қатысушылар наноспутниктердің модельдерін жасайтын болады.
– Мен наноспутниктерді жасауды үйренудің  керемет мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Мұндай мүмкіндік  миллионға бір түседі. Бұл бағдарлама менің, сондай-ақ барлық жоба қатысушысының  дамуына серпіліс  беретініне сенемін. Наноспутниктерді әлемнің көптеген проблемасын шешудің ең тиімді, қолжетімді және жеңіл тәсілі деп есептеймін. Мысалы, наноспутниктер ғарыштағы кемелерді қоса алғанда, алыс жерлерге қажетті материалдарды уақытылы және тез жеткізуге мүмкіндігі бар. Мен осы білімнің арқасында болашақта нанотехнологиялар бойынша  өз жобамды іске қосуға ниет етіп отырмын, – дейді 14 жастағы жоба қатысушысы  Жания Көшкінбаева.
Бүгінде наноспутниктер әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы университеттерінде және коммерциялық ұйымдарында әзірленіп жатыр. UniSat – ЮНИСЕФ пен ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркінің Қазақстандағы алғашқы бірлескен жобасы. – Бұл жоба Қазақстандағы қыздарға арналған STEM білімін дамытудың тағы бір маңызды қадамына айналып, басқа елдердегі тәжірибені трансформациялауға үлгі болатынына сенеміз, – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркінің директоры Әмірхан Әділханұлы.

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ