Семейде учаскелік полицей боранды күні жолда қалған азаматтарға көмекке келді, – деп хабарлайды aikyn.kz.
Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Қасқабұлақ ауылдық округінің жанында «Камаз» жүк көлігі жүруге мүмкіндігі болмағандықтан жолда тұрып қалған. Оларға учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Е.Құрманғажин дереу көмекке келген. Ол автокөлікті қауіпсіз жерге қойып, Семей қаласының 5 тұрғынын өз үйіне қондырып, жол ашылған соң қайта жолға шығарып салған.
Бұған дейін Абай облысының Көкпекті ауданында төтенше жағдай жарияланғанын жазған едік.