Аты әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясына барып, курсанттармен кездесті. Алтын дауысты әншіні академия бастығының бірінші орынбасары, полковник А.Исмаилов және басшылық құрам қарсы алды.
Димаш шекарашы курсанттармен кездесті
1,478
оқылды

Бір қызығы Димаш Қанатұлы осы уақытқа дейін бірде-бір меке­меге дәл осылай кездесуге бармаған екен. Бұл әншінің ең бірінші кездесуі деп айтсақ артық болмас. Әрине, бұл шекарашылар үшін үлкен қуаныш, әрі мақтаныш!

«Ұлық болсаң кішік бол» де­­мек­ші, Димаштың сөйлеу мәдение­­ті­­нен, жүрісінен қарапайымды­­­­­лықтың иісі аңқып тұрады. Әншімен сұхбат барысын полковник Д.Бел­­гожаев пен майор А.Достаев екі тілде жүр­­­гізіп отырды. Орыс тілінде қо­­­йылған сауалдарға тек мемлекеттік тілде жауап берген Димаш тағы бір қы­­­­рынан көрініп, тіл жанашыры екенін байқатып, кездесу соңына дейін ана тілінде сөйледі. 

Сахна төріндегі жайлы орын­­­дық­қа жайғасқан әншіге зал толы курсанттар өздерінің сауалдарын қой­­ды. Шекарашылардың қара шаңырағындағы қызықты кездесуде курсанттардың бірі оған жасыл күн­­­қағарлы шекарашылардың фуражка­­­сын сыйға тартса, енді бірі Александр Бектің «Арпалыс» атты кітабын тар­­ту етті. Ал енді санаулы айлардан соң қос жұлдызды иығына қадап лейте­­­­­нант атанатын бітіруші түлектердің бірі курсант Н.Алдажұман Димаш ағасын өздерінің маусым айында бітіруші лейтенанттар кешінің құр­метті қонағы болуға өтініш жаса­­ды. Әрі қарай Шекара академия­­­­сының әнұраны нақышына келтіре шыр­қалды. 

Өз кезегінде «Жас шекарашы» балалар әскери-патриоттық клубы­­ның тәрбиеленушілері де әншіге бір құшақ гүл мен «Қазақстан» шоко­­­­ладын сыйға берді. Кездесу бары­­­сындағы қызықты әңгімені мұқият тыңдаған курсанттар мен әскери қызметшілер мұндай қайталанбас тарихи сәтті қалт жібермей, кезек-кезек естелікке суретке түсіп, мәре-сәре болды. 

Көзі қарақты оқырмандарымызға қосымша ақпарат ретінде танымал әншінің өсіп-өнген жанұясы жайлы жаза кеткенді жөн көрдік. 

Дінмұхаммед (Димаш) Құдай­­­­берген, 1994 жылы 24 мамырда Ақ­төбе қаласында Қазақстан Респуб­ликасының мәдениет қайраткерлері Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаеваның отбасында дүниеге келген. Димаштың ата-анасы – та­нымал әншілер Қанат және Света Айтбаевтар. Димаштың әкесі Қанат Айтбаев – облыстық филармония басшысы, анасы – Светлана Айт­­­­баева, облыстық маслихат депутаты. Димаштың ата-әжелері де өнер адамдары. 

ҰҚК Шекара академиясының тәрбиелік, Әлеуметтік-құқықтық және идеологиялық жұмыстар бас­­қармасы бастығының орын­­­­басары полковник Дәурен Белгожаев бас­­­қарма ұжымымен, кездесуді ұйым­­дас­­­тырып, әріптестеріне есте қа­­­­ларлықтай ұмытылмас тарихи сәтке бастамашылдық танытты.

Жанат ЖАБЫРБЕКОВ,

ҰҚК Шекара академиясының 

баспасөз хатшысы