Актрисаның айтуынша, бұл жағдайға өзінің де, күйеуінің де еті үйренген.
"Қашып құтыла алмаймыз": Әсел Сағатова желідегі жігіттер назарына күйеуінің қалай қарайтынын айтты
Фото: әлеуметтік желіден
4,120
оқылды

Актриса Әсел Сағатова өзіне ғашық жігіттерге көзқарасы қандай екенін айтты. Өнер иесі бұл туралы REVUE NEWS бағдарламасында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Актрисаның айтуынша, бұл жағдайға өзінің де, күйеуінің де еті үйренген.

"Әлеуметтік желіде тараған видео "Ирина Қайратовна" мен Hiro-ның жаңа альбомының тұсаукесерінде түсірілді. Ол видео трендке шығып кетеді деп күтпедім. Жұрттың алдында жүргендіктен, бұл жағдай үйреншікті болып кетті. Әлеуметтік желіні белсенді жүргіземін. Сондықтан жігіттердің назарынан қашып құтыла алмаймыз", – деді Әсел Сағатова.

Сонымен қатар өнер иесі сұлулығының құпиясын айтты.

"Сұлулығымның құпиясы жоқ. Ашуланбауға тырысамын. Ашулансам, мінезімді бақылауда ұстауға тырысамын. Өзіммен жұмыс істеймін", – деді Сағатова.

Бағдарлама мәліметіне сүйенсек, актриса 2010 жылы тұрмыс құрған. Актриса 2014 жылы ана атанып, ұлды болған. Ал 2017 жылы Әсел Сағатова қызын дүниеге әкелді.