20 ақпанда таңғы сағат 3:43-те Медеу ауданының өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткен.
Алматыда өртенген «времянкадан» екі адамның денесі табылды
Фото: Алматы қаласы ТЖД
550
оқылды

Алматыда өртеніп жатқан «времянкадан» екі адам өлі күйінде табылды. Алдын ала мәлімет бойынша үй-жай жалға берілген.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 20 ақпанда таңға жуық сағат 3:43-те Медеу ауданының өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткен. Өрт сөндірушілер жеті минутта жеткен. Келген бойда 15 шаршы метр алаңда «времянка» өртеніп жатқан. Өрт салдарынан үйдің төбесі опырылған. 

ТЖД мәліметінше қызыл жалын 03:54-те оқшауланып, 04:03-те сөндірілді. 

«Өрт сөндіру барысында екі адамның денесі табылды. Алдын ала ақпарат бойынша «времянка» жалға берілген. Өрт фактісі бойынша материалдар іс жүргізу шешімін одан әрі жүргізу үшін Медеу ауданы ПБ жанындағы полиция бөліміне берілді», - делінген хабарламада.