Иммунитет әлсіреп, жиі сырқаттанып қала беретін болсаңыз, дұрыс тамақтануды қолға алғаныңыз маңызды.
Иммунитетті көтеретін тағамдар
Фото: pexels.com
4,072
оқылды

Мамандардың айтуынша, иммунитеттің әлсіреуіне түрлі жағдай әсер етеді. Атап айтқанда, күйзеліс, ұйқының бұзылуы, зиянды әдеттерге бейім болу (алькоголь, темекі т.б.) қимыл-қозғалыстың аздығы, ағзада зат алмасудың бұзылуы және дұрыс тамақтанбау.

Иммунитет әлсіреп, жиі сырқаттанып қала беретін болсаңыз, дұрыс тамақтануды қолға алғаныңыз маңызды. Сарапшылар иммунитетті көтеретін белгілі бір көкөністер мен жеміс-жидектер және тағам өнімдері бар екенін жоққа шығармайды. Оның қатарына лимон, зімбірді қосуға болады. Лимон құрамындағы С дәрумені суықты алса, зімдір қанайналымды жақсартып, жүрек ауруларының алдын алады. Адам зімбірді күнделікті тұтынса, ағзасында бактерия азайып, иммунитеті нығаяды.

Иммунитетті көтеретін жеміс қатарында алма да бар. Ол вирусқа, суық тиюге қарсы иммунитетті күшейтеді. Жаңғақтардың көбі Е дәруменіне бай болады. Сондықтан бұл аурумен күресуде өте маңызды.

Сарымсақ  суықтың алдын алатын тағамдардың бірі ретінде белгілі. Сонымен бірге ол ағзаны залалсыздандырып, микробтарды жоюға ықпал етеді. Жұмыртқада Д витамині көп. Әсіресе оның саруызы иммунитетті көтеретін қоректік заттарға бай болып келеді.

Бір қызанақта орташа есеппен 16 миллиграмнан астам С дәрумені болады. Бұл иммунитетті көтеруге әсер етеді. Иммунитетіңізді көтергіңіз келсе, С дәруменіне бай жеміс жегеніңіз артық болмайды. Осы орайда апельсин таптырмас маңызды қоректік зат. 

Қара шоколадтың да суыққа қарсы күресте пайдасы бар екенін біле жүріңіз. Оның құрамында жөтелді басатын дәрумендер кездеседі.

Сонымен қатар суық тигенде ең жақсы көмектесетін тағамның бірі – қой сорпасы.