Аман отандық былғары қолғап шеберлерімен Алматыдағы оқу-жаттығу жиындарында жүр.
Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы елге оралды
Фото: instagram.com/amankonsbekov
951
оқылды

Бокстан 2023 жылғы Өзбекстан чемпионатында қола жүлде еншілеген Аман Қонысбеков Қазақстанға қоныс аударды, деп хабарлайды Aikyn.kz  BasSport.kz-ке сілтеме жасап.

71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қандасымыз Астана қаласына көшіп келді. Ол қазіргі кезде елордада ағасымен бірге тұрып жатыр. Ал бокстан жарыстарға Түркістан облысының атынан қатыспақ.

Аман отандық былғары қолғап шеберлерімен Алматыдағы оқу-жаттығу жиындарында жүр.

Айта кетейік, Қонысбеков былтыр Өзбекстан чемпионатының жартылай финалында әлем чемпионы Асадхужа Муйдинхужаевпен кездескен. Сол кезде үш раунд қорытындысы бойынша Муйдинхужаев төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Дегенмен бірінші раундта Қонысбеков қарсыласын бір рет нокдаунға түсіргенін еске сала кетейік.