Құжатқа сәйкес, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 90 теңгеден 110 теңгеге дейін арттыру ұсынылады.
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру тарифі қымбаттайды
Астана әкімдігі
624
оқылды

Порталда ашық НҚА Астана әкімдігі қаулысының жобасын жария талқылауға шығарды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Соған сәйкес, қалалық қоғамдық көлікте жол жүру ақысын арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады

Айта кетейік, қалалық маршруттарда жол жүруге 90 теңге тариф 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленген еді. Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылғы наурыздан бастап тегін. Міндетті шарт – мектептің көлік картасының болуы және оны автобуста валидация жасау.

Сонымен қатар мына санаттарға жататын азаматтар бұл жеңілдікке ие:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;

2) жасы және еңбек еткен жылдары бойынша зейнетке шыққандар, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

3) көпбалалы аналар;

4) көпбалалы отбасылар;

5) мүгедектер;

6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері).

7) "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.