8 облыста республикалық маңызы бар 36 жол учаскесі жабық тұр

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметі хабарлады.

Осы уақыттағы сағат 07:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар 36 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Абай облысы – жалпы ұзындығы 2176 км 7 автожол (ауа температурасының төмендеуі)

1. Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін)

Ақмола облысы – жалпы ұзындығы 118 км 3 автожол (Павлодар және Қарағанды ​​облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Астана-Ерейментау-Шідерті» – Ерейментау қаласы – Павлодар облысы.

2. «Екатеринбург-Алматы» – ПВП Жібек жолы – Қарағанды ​​облысы шекарасына дейін.

3. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» – Қарағанды ​облысы шекарасы – Қабанбай батыр ауылы (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін)

Шығыс Қазақстан облысын – 7 учаске, жалпы ұзындығы 1238 км (ауа температурасының төмендеуі)

1. Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін)

2. Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары – Берел-Рахманов қайнарлары ауылы (барлық көлік түрлері үшін)

Жетісу облысы – 2 учаске, жалпы ұзындығы 158 км (Абай облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

1. «Алматы-Өскемен» – Үшарал қ. – Абай обл. шек. (қоғамдық және жүк көліктері үшін)

2. Үшарал-Достық – Көктұма ст. – Достық ст. (барлық көлік үшін)

Қарағанды облысы – 5 учаске, жалпы ұзындығы 1397 км (ауа температурасының төмендеуі, қатты аяз)

1. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» – Қарағанды ​​қ. – Абай обл. шек.

2. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» – Ақмола обл. шек. – Теміртау қ.

3. «Қызылорда-Павлодар» – Қарағанды ​​қ. – Павлодар обл. шек., Ұлытау обл. шек. – Топар ауылы

4. «Екатеринбург-Алматы» – Ақмола обл. шек. – Теміртау ААП, Солтүстік-Шығыс айналма жолы, ААП Теміртау-Қарағанды қ., Новостройка ауылы – Балқаш қ.

5. «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» – Павлодар обл. шек. – Ботақара а. (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін)

Қостанай облысы — 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау обл. шек. – Арқалық қ. (көліктің барлық түрі үшін)

Павлодар облысы – 1 учаске, жалпы ұзындығы 1624 км 9 автожол (ауа температурасының төмендеуі)

1. Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін)

Ұлытау облысы – 2 учаске жалпы ұзындығы 543 км (Қарағанды ​​облысында ауа райының нашарлауына байланысты, екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі, аяз күшейді)

1. «Жезқазған-Петропавл» – Қостанай обл. шек – Ұлытау а. (барлық көлік түрі үшін), Жезді ауылы – Ұлытау ауылы (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін)

2. «Қызылорда-Павлодар» – Қарағанды ​​обл. шек. – Жезқазған қ. (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін)

Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 222 бірлік техника және 276 жолшы жұмылдырылды.