Ақпан айының аяқталуына аз күндер қалса да елімізде аяздың беті қайтар емес.
"Аяз әлі сақталады": 22-24 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Астана ТЖД
3,474
оқылды

"Қазгидромет" РМК 22-24 ақпанға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақпан айының аяқталуына аз күндер қалса да елімізде аяздың беті қайтар емес. Суық солтүстік ағындары бар ауқымды антициклон еліміздің басым бөлігінде аязды, желсіз ауа райын сақтап тұрады.

Тек оңтүстік, орталық және шығыс аймақтарға оңтүстік циклоны әсер етіп, жауын-шашынның жаңбыр, қар түрінде түсуіне, жел мен бұрқасынның күшеюіне ықпал етеді. Дегенмен, циклон оңтүстіктен болса да, біздің аймаққа айтарлықтай жылу әкелмейді.