Бұл қылмыс жайында бүгін СҚО прокурорлары ведомствоаралық кеңесте айтты.
СҚО-да әйелдің кәмелет жасына толмаған қызын бөтелкелестері зорлаған
Фото: Sputnik
636
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында кәмелет жасына толмаған қызды өз үйінде бірнеше ер адам зорлаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Бұл қылмыс жайында бүгін СҚО прокурорлары ведомствоаралық кеңесте айтты. Оқиға 18 қаңтар күні болған. Әйелге спирттік ішімдік ішуге келген «достары» кейін оның қызын зорлаған. Прокурорлардың пікірінше, бұл қылмыстың алдын алуға болар еді. Бірақ кәмелет жасына толмағандармен жұмыс жөніндегі комиссия өз міндетіне жүрдім-бардым қараған.

– «Осы қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Осы оқиғаның алдында бір ай бұрын мектеп аудандық әкімдік жанындағы кәмелет жасына толмағандар жөніндегі комиссияға ішімдікке салынған әйелді ата-ана құқығынан айыру жөнінде өтінішхат жолдаған. Бірақ комиссия оны дер кезінде қарамай, тек оқиға болғаннан кейін қаңтар айында ғана қараған», – дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.

Ал Жамбыл ауданында бір үйдің екі баласы екі жыл бойы мектепке мүлде бармаған. Әке-шешесіне бірнеше рет ескерткенімен, мәселе шешімін таппады. Сондықтан қазір оларға қатысты үстінен іс қозғалып, ата-ана құқығынан айыру жазасы қолданылмақ.