Облыстық сот мүшәйра өткізді
Облыстық сот мүшәйра өткізді
467
оқылды
Қарағанды облыстық со­тының ұйымдастыруы­мен Абай Құнан­бай­ұ­лының 175 жылдығы мере­ке­сіне орай «Алашқа темірқазық – ха­кім Абай» атты қалалық жас ақын­дар мү­шәйрасы өтті. Мүшәйра Абайдың шығар­ма­шылығы мен ұлы дала діл­марлары, би-шешен­дер­дің қазақ қоғамындағы рухани мұрасын насихаттау, ғасырлар бойы дала заңын қалыптастырған би-ше­шендердің тұлғалық қа­сиетін дәріптеу, дала заңы мен сот жүйе­сіндегі дәстүр са­бақ­тас­ты­­ғын көркем поэзия тілімен жет­­кізу мақсатын көздеген бола­тын. Іс-шараны Қарағанды об­лыс­тық сотының төрағасы Нұр­серік Кәрімұлы ашып, қай ға­сыр­­да болмасын «ұлт деңгейін өсі­ретін» рухани қазынамыз Абай мұрасын насихаттау, оның шы­ғармаларындағы ойларды за­манға лайықты сабақтастыру және жалғастыру бүгінгі Қа­зақ­­стан жастарының асыл па­ры­зы, азаматтық міндеті еке­нін, сон­дай-ақ мұндай ақын­дар са­йысы жалпы сот жүйесінде тұң­ғыш рет ұйым­дас­ты­рыл­ға­нын  атап өтті. Мүшәйраға Қарағанды қа­ла­­сынан 18 бен 30 жас ара­лы­ғындағы ақындар қатысып, қа­зылар алқасы олардың әдеби тіл байлығына, мәдениетіне, тақы­рыпты дұрыс аша білуіне, жыр­дың көркемдігіне, ұтқыр сөз, ұтымды ойларына ерекше мән беріп, бағалады. Қазылар алқасының құра­мы­на Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов, Қазақстанның еңбек сі­ңір­ген қайраткері Серік Ақ­сұң­қарұ­лы және ақын, филология ғы­лымдарының докторы, про­фессор Қойлыбай Асанов, об­­лыстық соттың судьясы Жұма­тай Жақыпов пен Қазыбек би ау­дандық сотының судьясы Жұ­ма­ғұл Шүженов кірді. Мүшәйраға қатысушы ақын­дар «Абай және рухани жаң­ғыру», «Би-шешендердің қазақ қоға­мындағы тұлғалық қасиетін дәріптеу», «Отансүйгіштік – ұлттық болмыстың үлгісі» деген тақырыпта өлеңдерін оқыды. «Абай және рухани жаң­ғы­р­у» тақырыбында қатысу­шы­­лар хакім Абайдың ой-пікі­рін терең белгілеп, Абай мұ­расынан рухани нәр алу, бә­секеге қабілеттілікті арттыру, жаңа менталитетті қа­лып­тас­тыру бағытын көрсет­се, «Би-ше­­шендердің қазақ қо­ға­­­мындағы тұлғалық қасиетін дә­ріп­теу» тақырыбында мұра­лар­­дың ең қымбаты асыл сөз және қазақтың киелі де қа­сиет­­ті шешен­дік өнері еке­нін паш етті. Отаншыл рух­та тәрбиелеу, ақыл-ой мен пара­сат­тылық сезімді қа­лып­тас­ты­ру «Отансүйгіштік – ұлттық бол­мыс­тың үлгісі» та­қы­рыбында ашыл­ды. Ақындар сайысының қо­ры­­­тын­дысы бойынша І орын­­­ды облыстық мәдени-са­­­уық және халық шығарма­шы­лы­ғы­ның ғылыми әдіс­те­­ме­лік ор­та­лығының ре­­дак­торы Бек Но­ғай­бай, ІІ орын­ды Қара­­­ған­дыдағы банк коллед­жі­­нің қа­зақ тілі мен әдебиеті пәні­нің оқы­тушысы Кәмшат Бауыр­жан­қызы және тілші Жоламан Әйткен, ІІІ орынды Е.А.Бөкетов атын­дағы ҚарМУ-дің 4 курс студенті Жан­гелді Кенжебай мен Жұ­мыс­пен қамту орталығының баспасөз хатшысы Майкен Жанай­­дар, сондай-ақ тілші Нұрбек Мыр­за­байұлы иеленіп, оларға Қара­ған­ды облыстық сотының төра­ға­сы дипломдар табыс етіп, ын­та­­ландыру сый­лық­­тарымен ма­ра­паттады.   Ардақ СҰЛТАН