Мемлекет басшысы Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазанға сапары қалай өтіп жатыр?
1,522
оқылды

Сапар аясында Президент «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты. Сондай-ақ бірнеше кездесу өткізеді. Бұл туралы  Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты.

Президент ресми мінберден «Болашақтың ойындары» турнирінің салтанатты ашылу рәсімін тамашалады. Ресейдің мемлекеттік әнұраны орындалғаннан кейін Владимир Путин жарысты ашық деп жариялады.

 

Қазақстан Президенті турнир қатысушыларына сәттілік тіледі

– Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен  Сізге зор ризашылық білдіргім келеді. Бұл – бірегей ойын. Дүниежүзінде мұндай ойынның баламасы жоқ. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Келесі ойынды Қазақстанда өткізейік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Беларусь, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері киберспортшыларға ізгі тілектерін жолдады. Содан соң жарысқа қатысушы мемлекеттер туларының шеруі өтті.

 

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін Татарстан астанасына келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен басқа елдердің президенттері «Болашақтың ойындары» халықаралық мультиспорт турнирінің негізгі шаралары өтетін «Қазан Экспо» кешенін аралап көрді.

 

Экскурсия барысында қонақтарға Dota 2 конгресс-залы, арт-нысандар, «фиджитал-зертхана» көрсетілді, сондай-ақ денешынықтыру мен киберспортты (physical+digital) біріктіретін инновациялық «фиджитал-қозғалыстың» ерекшеліктері таныстырылды.

 

Алаңдардың бірінде Қазақстан Президенті «Футбол достыққа жол ашады» бағдарламасына қатысатын жас спортшылармен әңгімелесті. Халықаралық команданың құрамында «Астана» футбол клубында жаттығатын 10 жастағы Жан Әли Ермағамбетов те бар.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда балалар спортына мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.