Қанат Бозымбаевтың айтуынша, елімізде осы сала бойынша маман тапшы.
Тараз қаласында су саласына маманданған ЖОО құрылады
Фото: massaget.kz
638
оқылды

Президенттің кеңесшісі Қанат Бозымбаев Назарбаев университетінде өтіп жатқан халықаралық форумда Тараз қаласында су саласына маманданған ЖОО құрылатынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Форумның ашылуында сөйлеген сөзінде Қанат Бозымбаев елдегі базалық ЖОО-ның бірі су саласына маманданып, құрылатынын мәлімдеді. 

Осы ретте БАҚ өкілдері ол нақты қай жоғары оқу орнына қатысты екенін сұрады.

«Тараз қаласында Жамбыл гидромелиоративтік институты болды ғой, соны қазір тиісті министрліктер қарап жатыр. Жаңадан осындай су саласына ғана маманданған университет құру керек. Қазір осы мәселелерді қарап жатырмыз. Себебі бізде маман тапшылығы бар. Біз қазірдің өзінде балаларды басқа мемлекеттерге жіберіп жатырмыз. Бізде де мамандықтар бар. Бірақ мамандандырылған бір университет немесе институт болу керек»,  деді Қанат Бозымбаев.