Былтыр құрылыс жұмысы басталған нысанға 3 млрд 309 млн теңге қаражат бөлінді.
«AMANAT»: Түркістан облысында ерекше балаларға арналған нысан салынып жатыр
1,123
оқылды

«AMANAT» партиясының Өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында Түркістан облысы Сауран ауданы Оранғай елді мекенінде психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған 50 орындық медициналық-әлеуметтік нысан бой көтеруде.

Былтыр құрылыс жұмысы басталған нысанға 3 млрд 309 млн теңге қаражат бөлінді. Нысан заманауи медициналық және арнайы құрал-жабдықтармен қамтылып, биыл күзде пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Мердігер компания құрылыс жұмысының 70%-ын аяқтады. Бүгінде сыртқы әрлеу және құрылыс-монтаж жұмысы жүргізіліп жатыр.

«Бұл нысан ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың сұраныс-тілегі негізінде салынып жатыр. Азаматтар осындай оңалту орталығы қажет екенін айтып, бір емес, бірнеше рет өтініш білдірді. Сол өтініштерді негізге ала отырып, депутаттық сауал жолдадым. Атқарушы билік өкілдерімен жүздесіп, халықтың тілегін жеткіздім. Азаматтардың ұсынысы ескерусіз қалған жоқ. Жаңа нысан бой көтеріп келеді», – деді облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева.

Айта кетейік, аталған өңірде ерекше қажеттілігі бар 97 280 адам тұрады. Оның 14 500-і – кәмелеттік жасқа толмаған бала.