Бірақ алқабилер оның бірнеше рет алаяқтық жасағанын және қорғауындағы азаматтарды аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырып, 11 жылға соттады.
Астанада пара алған адвокат 11 жылға сотталды
Фото: Еlitar.kz
1,143
оқылды

Елордада адвокат өз қорғауындағы адамдардан 164,9 млн теңге пара алған. Сотталушы алаяқтық жолмен алған қаражатын өз қызметінің ақысы ретінде көрсетіп, алқабилер сотын сендіргісі келген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

 

Бірақ алқабилер оның бірнеше рет алаяқтық жасағанын және қорғауындағы азаматтарды аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырып, 11 жылға соттады.

Ал алынған пара нысаны заңсыз алынған мүлік ретінде танылып, мемлекет кірісіне өндірілетін болды. Үкім заңды күшіне енді.