Айтуынша, әлі офистерінде том-том естелік сыйлықтар бар.
"Қыздар 30 метрден 70 метрге дейін хат жазатын": Гүлзира Айдарбекова 15 жыл бұрын Қайрат Нұртасқа келген сыйлықтарды көрсетті
Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova
3,103
оқылды

Отандық продюсер, кәсіпкер Гүлзира Айдарбекова отбасылық фотоларын жариялады. Арасында ұлына келген түрлі сыйлықтарды да көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Айтуынша, әлі офистерінде том-том естелік сыйлықтар бар. 

“Қайраттың 15 жыл бұрынғы жанкүйерінің естелігі. Осындай керемет көрме болады деп ойлады ма екен?! Қыздар 30 метрден 70 метрге дейін хаттар жазатын. Бұл жартысы ғана. Қалғандары офисте тұр. Альбом көп еді. Барлығы – қыздардың сыйлағаны. Сырымды ұмытпаған боларсыздар?! Қайратқа қосып сахнаға бірге шығарып едім. Бақыт Алтай деген әншімен бірге “Ойлама” деген ән жазып, Дубайға клип түсіруге бардық. Ол да тарих болып қалды. Өзбекстанға әнсапармен барғанда сол кезде “Фатима мен Зухра” киносы қатты танымал болып жатыр еді. Сол кинодағы актрисамен де фотоға түскен едік. Сіздерде де ескі сурет көп шығар?! Қазір ұялы телефонымыз толып қалады ғой, фотоларды шығаруға да уақыт жоқ”, – деп жазды продюсер. 

 

Сонымен қатар продюсер базарда тұрған сәтін де есіне алды. Айтуынша, жас отбасы кезінде жайма базарда түрлі зат сатқан көрінеді. 

“Баяғыда мұздыаяқ болып, кешке дейін базарда тұратын едік. Ол аздай үйге келіп, бала-шағаның тамағын жасаушы едік. Не деген энергия?! Кейде базарға барғанда оқырмандарым танып, фотоға түсіп жатады. Жоқ дей алмаймын. Өйткені өзіміз де осы базарда тұрып, талай дүние сатқан едім. Адам жақсыға тез үйренеді екен. Сол шақтарымды ойласам, түс сияқты”, – деп есіне алды Гүлзира Үсенқызы.