Бұл туралы Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары айтты.
Алматыда ЖРВИ мен тұмау жұқтырғандар саны көбейді
Фото: gov.kz
748
оқылды

Алматы қаласында 22 235 адам жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырғаны (ЖРВИ) анықталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың сөзінше, мегаполисте ЖРВИ сырқаты бойынша маусымдық өршуі байқалады.

«Өткен 6 аптада ЖРВИ-ның 22 235 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 997,2%. Осы жылдың қарашасынан бері А/H3N2 типті тұмаудың 232 расталған жағдайы тіркелді. Барлық пациенттерге емдеу тағайындалды, жағдайы қанағаттанарлық», – дейді Әсел Қалықова. 

Сондай-ақ ол қалада риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирус таралып жатқанын атап өтті.