Гранаталар қаланың Сарыарқа шағынауданындағы қоқыс контейнерлерінің бірінде жатқан.
Көкшетауда қоқыс контейнерінен гранаталар табылды
746
оқылды

Көкшетауда Сарыарқа шағынауданында қала тұрғыны қоқыс контейнерінен гранаталар тауып алды. Ол жарылғыш қарудың салдарынан оқыс жағдай болмас үшін гранаталарды құқық қорғау органдарына тапсыруды жөн көріпті, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Қаланың ішінен табылған заттарға тексеріс жүргізген жарылыс техниктері оның Ф-1 және РГД гранаталарына сыртқы ұқсастығын анықтаған. Кейін жарылғыш заттардың әскери емес екені сондықтан қауіп төндірмейтіні анықталды. 

- Мамандардың пікірінше аталған «гранаталар» оқу құралы болып табылады және алғашқы әскери дайындық сабақтарына оқу құралы ретінде қолданылады. Полицейлер белсенді азаматтық позициясын көрсетіп дереу шара қабылдаған қала тұрғынына алғыс білдірді, – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Полиция жарылғыш заттар немесе қару-жарақтар тауып алған жағдайда дереу тұрғылықты жердегі ішкі істер органдарына хабарлау қажеттігін ескертеді. Мұндай құрылғылар айналадағы адамдарға қауіп төндіруі мүмкін болғандықтан табылған қаруды лақтыруға немесе ашуға тыйым салынады.

 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы