Атырау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығында жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп әлеуметтік желіге жүктемеймін және құзырлы органдарға хабарламаймын деп 2 млн теңге ақша қаражатын бопсалаған 26 жастағы блогерді ұстады.
Атырауда ақша бопсалаған блогер ұсталды
Фото: видеодан алынды
1,840
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, блогер кәсіпкерден 2 млн теңге ақша бопсалаған.

Атырау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығында жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп әлеуметтік желіге жүктемеймін және құзырлы органдарға хабарламаймын деп 2 млн теңге ақша қаражатын бопсалаған 26 жастағы блогерді ұстады.

Күдікті ақпан айы басталғалы кәсіпкердің азық-түлік сататын маркетінің қызметін бірнеше мәрте бейнежазбаға түсіріп, тауар салынған сөрелерін ақтарып шу шығарған. Кейін оны жарияламау үшін 2 млн теңге қаражат сұрап, тегін азық-түлік алып кетемін деп 47 мың теңгені құрайтын тауардың ақысын төлемей алып кеткен. Сондай-ақ, ақпан айында сот ғимаратындағы қызметтік бөлмедегі киім қалтасынан 20 мың теңге қаражатын ұрлағаны анықталды.

"Қазіргі таңда күдікті қамауда, ұрлық және бопсалау деректеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова.