Биыл 61 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі өткізумен айналысқан адамға қатысты 53 іс тіркелген.
Елордада 20 жастағы жігіт қылмыс үстінде ұсталды
Фото: видеодан скрин/Астана қаласы ПД
1,701
оқылды

Елордалық полицейлер «Жыл мезгілдері» тұрғын үй кешенінің 20 жастағы тұрғынын ұстады. Одан есірткі салынған 21 бума табылды. 

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оның тұрғылықты жерін тексерген кезде, «галлюциногенді саңырауқұлақ» оралған 5 пакет және «марихуана» оралған 20 бума, сондай-ақ есірткі орайтын материалдар табылған. Оның есірткі құралдарын «есірткіні жасырын салып кету» әдісі арқылы сатуды жоспарлағаны анықталды.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша есірткі және психотроптық заттарды заңсыз әзірлегені, қайта өңдегені, алғаны және сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізіліп жатыр.

Биыл 61 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі өткізумен айналысқан адамға қатысты 53 іс тіркелген. Заңсыз айналымнан 16,5 келі әртүрлі есірткі заты, оның ішінде 3 келі 400 грамм «синтетикалық есірткі» алынған.