Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті. Сұхбат барысында тараптар жаһандық дінаралық және өркениетаралық диалогті одан әрі ілгерілету бағытындағы өзара іс-қимылдың келешегін талқылады.
Мұсылман ақсақалдар кеңесі – рухани дипломатия әлеуеті
886
оқылды

Сенат Спикері Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысына ілтипат білдіріп, Ұйым жұмыс істеп келе жат­­­қан 10 жыл­дың ішінде халықаралық аренада бей­бітшілік, бірлік және діни толеранттылық идеяларын дәріптеуге үлкен үлес қосқанын атап өтті.

Кездесу кезінде Кеңестің мақ­саттары Әлемдік жә­не дәстүрлі діндер лидер­лері съезінің қағи­­дала­­ры­­­­­­­­­­­мен үндесетіні айтылды. Мәулен Әшімбаев Мұ­сыл­­ман ақсақалдар кеңе­сінің Орталық Азиядағы өкілдігінің Астанада ашылуы соның жарқын көрінісі саналатынын тілге тиек етіп, бұл оқиға Қазақстан үшін ерекше маңызға ие екеніне назар аударды.

Сонымен қатар Әлем­дік жә­не дәстүрлі діндер лидерлері съе­зі Хат­шылы­­ғының төрағасы Мәулен Әшімбаев съезді дамыту Тұжырымдамасына сәйкес алдағы уақытта Хатшылық тарапынан атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Ол Мұсылман ақса­­­­­­­қалдар кеңе­сімен байланысты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу және өзекті сын-қа­­­терлерді еңсеру үшін рухани дипломатияның әлеуе­тін дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықаралық қауіпсіз­­­­­­­діктің жаңа жүйесін құру үшін бейбітшілікке шақыратын тың жаһандық қозғалыс қа­жет екенін үнемі айтып келеді. Қазір Мұсылман ақ­сақалдар кеңесі барлық діндердің диалогін ны­­­­ғай­ту жолындағы жұмысты бел­­­­­­­­­сенді жүргізіп отыр. Біз ке­ңес пен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жа­­­­­­һандық өзекті мәселелерді ше­­шу ісінде дін лидерлерінің әлеуе­тін пайдалану жөніндегі ынтымақтастығын құптаймыз. Бірлескен күш-жігердің арқа­­­сында конфессияаралық және өркениетаралық диалогты ны­­­­­­­­­ғай­­­­туға ықпал етеміз деп се­неміз», – деді Сенат Төрағасы.

Өз кезегінде Мұхаммед Әб­­­­­­­­­­делсалам Қазақстанның төзім­­ділік пен келісім сияқты құндылықтарды дәріптеу ба­ғы­тында атқарып келе жатқан жұмысын жоғары бағалады. Сон­дай-ақ ол Әлемдік және дәс­түрлі дін­­дер лидерлерінің съезі аясында кеңеспен белсенді іс-қимыл қалыптасқаны үшін ризашылығын білдіріп, өзара ынтымақтастықты одан әрі ны­­­ғай­туға дайын екенін жеткізді.