Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті.
Парламентаралық ынтымақтастық
834
оқылды

Талқылауға депутаттар әзір­ле­­ген ғылым мә­селелері бойын­ша заң жобасын қарау ұсы­ны­­­­лады. Құ­жатта жергілікті ат­қару­шы ор­ган­­­­дардың ғылым сал­а­сын­дағы өкілеттіктерін ке­ңейту, әле­у­меттік кепіл­діктерді ұлғайту жә­не педа­гогтер мен ғылыми қыз­мет­керлер үшін қосымша тө­лем­дер беру көз­­деледі.

Екінші оқылымда мәжіліс­мен­­­дер байланыс, цифрландыру жә­не ақ­­параттандыру сала­сы­ның ин­вес­­тициялық ахуалын арт­ты­ру мәсе­­­лелері туралы заң жо­­ба­­сын қарайды. Депутаттар бас­­та­машы болған бұл заң жоба­сы телеком­муникациялық ин­ф­рақұрылым­ды дамытуға, қала­­лар мен елді ме­­кендердегі байла­­­ныстың қол­же­тімділігін қамта­масыз етуге және сапасын жақсартуға бағыт­­талған.

Алдағы жалпы отырыста Тәуел­­­сіз Мемлекеттер Достас­­тығына қа­­тысушы мем­лекеттердің қоғам­дық денсаулық сақтау сала­сындағы сани­тариялық-эпи­де­миологиялық си­паттағы тө­­­­­­тенше жағдайлардың ал­дын алу және оларға ден қою жө­­­­нін­­­­­­­дегі ынты­мақтастығы туралы келісімдерге, зияткерлік меншік құ­қықтарының сауда аспек­тілері бойынша, сон­дай-ақ Өзбек­станмен одақтас­­тық қатынастар туралы шарт­­­тарға қатысты ратифи­­кация­лық заң жобаларын талқылау ұсы­нылады.

Сонымен қатар Мәжіліс ко­ми­­теттері көлік құралдарының жеке­­­леген түрлерінің қозғалысын ұйым­дастыру және жол қауіп­­сіз­дігін цифрландыру, сондай-ақ туристік саланы қолдау мәселелері бойынша жаңа заң жобаларын жұмысқа алатын болады.