Инфляцияға қысым жасайтын жекелеген факторлар сақталып отыр. Ұлттық банкте өткен брифингте Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов осылай деп мәлімдеді.
Инфляция ырықтан шықпасын десек...
2,524
оқылды

«Сыртқы секторда жаһандық инфляцияның баяулау үрдісі байқалуда. Бұл азық-түлік баға­сы­ның оң динамикасына, орта­лық банктердің тежеуші ақ­ша-кре­дит саясатына және энер­­­­­­­гия ба­ғасының төмен­деуі­не бай­­­ла­нысты. Дегенмен ин­ф­ля­ция­­ға қысым жасайтын жеке­ле­ген фак­торлар да сақталуда. Қант ба­ғасының қалыпты өсуі­мен қа­тар дәнді дақылдар мен ет құ­­нының арзандауына бай­ла­­­­ныс­ты әлемдегі азық-түлік ба­ға­­­сы төмендеп келеді. Астық ба­ға­­сының төмендеуі мол өнім алу нә­тижесінде ұсыныстың ар­туы­на байланысты болды. Со­ны­­­мен қатар дамыған ел­дер­де Ор­талық банктер мөлшер­леме­лер­ді өзгеріссіз қалдырды. Бұл инфляцияның орнықты баяу­лауына қарай қауіптің болуына бай­ланысты», – деді Тимур Сүлейменов. 

Оның атап өтуінше, 2023 жылдың қорытындысы бойын­ша Еуроодақтағы ба­ға­ның жыл­дық өсуі қараша айын­да­ғы ең төменгі деңгейге жет­кен соң 3,4 пайызға дейін бір­­­­­­ша­ма жеделдеді. Таргетті 2 пайыз­ға жеткізу Еуропа Ор­та­­лық банкінен ұзақ уақыт бойы жоғары пайыздық мөл­шерлемелерді сақ­тауды қажет етеді. Осыған ұқсас жағдай АҚШ-та да байқалды. Онда ин­фляция әлі де орнықты.Федералды Резервтік жүйе рито­ри­касына сәйкес, саясатты жұмсарту шарасы биыл басталуы мүмкін. Қытайда жылдық мәнде дефляция жалғасуда. Алайда қаңтарда ай­лық инфляция көр­сеткішінде өсім тіркелді. Ре­сей­де жылдық инфляция 2024 жыл­ғы қаңтар айында 7,4 па­йыз­ды құрады. Негізгі фак­тор бұрынғысынша жоғары ин­фля­циялық күтулер мен ішкі сұра­ныстың өсуі болып отыр. 2024 жылы инфляцияны орнына қай­тару және оны Ресей Орталық банкі таргетінің маңайында одан әрі тұрақтандыру қатаң ақша-кредит шарттарын ұзақ кезең бойы ұстауды талап етеді.

«Біздің болжамымыз бо­йынша әлемдік азық-түлік на­рығында бағалар 2024 жыл­дың ортасына дейін біршама көтеріліп, кейін тұрақтанады және біртіндеп төмендейді. Алғышарттар, бір жа­ғынан, тасымалданатын тауар­лардың құнына әсер ететін Қызыл теңіз бен Қара теңіздегі ықтимал ло­гистикалық мәселелердің тәуе­­келдерін білдіреді. Ал бас­қа жағынан, 2024 жыл­ғы мау­сым­ның соңында халықаралық ұйым­дардың егін жинау бол­жамдары мен әлемдегі астық қорларының өсуі бойынша кү­тулерін көрсетеді. Биыл халық­аралық ұйымдар мұ­най бағасы 80 долларға жақын дең­гейде тұрақтайды деп күтеді. Баға­ның өсуіне ықпал ететін не­гізгі факторлар: ОПЕК-тің мұнай өндірісін қысқарту мерзімін ұзартуы, АҚШ-та мұнай өндіру ісі­нің тұ­рақты өсімі және Таяу Шы­­ғыстағы соғыс бойынша бел­гісіз­дік. Осыны ескере отырып, ба­­залық сценарийде Brent мұ­найы­­ның бағасы 2024-2025 жылы 80 доллар, 2026 жылы 77 доллар деңгейінде белгі­ленді», – деді ол.